13:44, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Солтүстікқазақстандық төрт спортшы ҮІІ Азия ойындарына қатысуға үміткерлер қатарында
ПЕТРОПАВЛ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - 2011 жылғы ҮІІ қысқы Азия ойындарына Солтүстік Қазақстан облысының төрт спортшысы қатыспақшы.
Олардың үшеуі - белгілі солтүстікқазақстандық спортшы-конькишілер, халықаралық санаттағы спорт шеберлері Дмитрий Бабенко, Роман Креч пен Татьяна Сокирко. Дмитрий мен Роман биылғы жылы Ванкуверде өткен қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысқан.
Азиада-2011-ге қатысуға үміттеніп отырғандардың тағы біреуі спорттық бағдарлаудан ҚР қазіргі чемпионы Аслан Тоқбаев. Ол осы спорт түрінен Алматыда биылғы жылдың наурызында өткізілген үшкүндік жарыстар барысында алтын медальді жеңіп алған еді.