Солтүстікқазақстандықтар Астанаға 725 тонна өнім әкеле жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-22 қазан күндері «Қазақстан» спорт сарайының көліктер тұрағында Солтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімідігінің медиа орталығына сілтеме жасап.
None
None

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде ет өнімдерінің - 78 тоннасы, макарон өнімдерінің - 5 тоннасы, балдың - 13 тоннасы, сүт өнімдерінің - 14 тоннасы, картоп пен басқа да көкөністердің 559 тоннасы сатылады деп күтілуде.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласының 115-ке тарта кәсіпорны қатыспақ.

 

Соңғы жаңалықтар