Солтүстікқазақстандықтар Шаханға 2,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентіне СҚО-дан салмағы 2,5 тонна гуманитарлық жүк жөнелтілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстікқазақстандықтар Шаханға 2,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

«Шахан кентінде құлаған үйдің тұрғындарын қолдау ретінде СҚО бүгін гуманитарлық көмек жіберді, атап айтқанда, ет, сүт өнімдері, ұн, макарон өнімдері  мен киім-кешектер», - деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров.

null 

Солтүстікқазақстандықтар құлаған үйден зардап шеккен  отбасыларға 1,8 мың тонна ұн, 105 келі макарон, 14 келі ірімшік, 85 келі сары май, 84 литр өсімдік майы, 100 келі қарақұмық, 350 келі сиыр және қой етін, сондай-ақ қажетті керек-жарақтарды жіберді.

null