Солтүстік Америка тұрғындары Күннің толық тұтылуын көрді

солнечное затмение
Фото: Рустем Қожыбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Америка тұрғындары Күннің толық тұтылуын бақылады. Бұл құбылыс шамамен 18 айда бір рет кездеседі, ол Жердің әр жерінде байқалады.

 

Тұтылудың жалпы фазасы ұзаққа созылмаса да – бар болғаны 4 минут 28 секунд, оны 31 млн-нан астам адам бақылай алды.

Ай Күнді жауып бастаған сәттен бастап толық тұтылу фазасына дейін шамамен 80 минут өтті, содан кейін бұл процестің аяқталуына тағы 80 минут қажет болды.

Тұтылуды бірінші болып Мексика тұрғындары, кейін АҚШ пен Канада тұрғындары бақылады.

Мехикода ерекше құбылысты байқағысы келетіндер қаладағы күннің тұтылуын бақылау үшін жабдықталған орындардың бірі – Хоакин Гальо атындағы планетарийге келді.

Ал АҚШ тұрғындары елдің көлеңкеде болатын аймақтарына жинала бастады. Жергілікті билік ұялы байланыс желілерінің шамадан тыс жүктелуі мүмкін екенін ескертті. Кейбір қалаларда төтенше жағдай жарияланып, тәртіп сақтау үшін Ұлттық ұлан сарбаздары тартылды.

Күн толық тұтылған қалалар қатарында Мазатлан, Мексика; Сан-Антонио, Остин және Даллас, Техас; Индианаполис, Индиана; Кливленд, Огайо; Эри, Пенсильвания; Ниагара сарқырамасы, Нью-Йорк, Онтарио және Монреаль, Квебек бар.

Жартылай тұтылу Солтүстік Америкада «толық жолдан» тыс көрінеді.

Еске сала кетсек, Орталық Азия мен Еуропада күн тұтылу байқалмайды.

Соңғы жаңалықтар