Солтүстік Қазақстан сүт кластерін дамытуда көш бастап келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік өңір еліміздегі сүтті мал шаруашылығының негізгі орталықтарының бірі ретінде өз орнын нығайтып келеді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

сүт өнімдері
Фото: Ақорда

— СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында соңғы үш жылда сүт-тауарлы фермаларға жоғары өнімді асыл тұқымды 9 мың ірі қара мал жеткізілді. Бұл сүт өндірісінің көлемін 16%-ға арттыруға мүмкіндік берді, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Сүт кластерін дамытудың келесі кезеңінде Даниядан элиталық мал партиясы әкелінді.

Ұлттық кітап күні Астанада еліміздің үздік кітапханашылары марапатталды
Фото: АШМ

Атап айтқанда, «НурСен Агро» серіктестігіне әлемдік сүтті мал шаруашылығындағы ең құнды әрі тиімді тұқымдардың бірі саналатын 231 бас джерси сиыры жеткізілді.

Джерси тұқымы өзінің ерекше қасиеттерімен кеңінен танымал. Мәселен, сүтінің майлылығы мен ақуыздылығы жоғары, әртүрлі климаттық жағдайларға төзімді. Осы қасиеттерінің арқасында алынған шикізат жоғары қосылған құны бар өнімдерді, соның ішінде премиум санаттағы ірімшіктерді өндіруге пайдаланылады.

— Бүгінде өңірде 118 агроқұрылым жұмыс істейді, олардың 50-і — заманауи цифрлық фермалар. Бұл шаруашылықтардағы жалпы мал басы 58,3 мыңнан асады. Өндірістік үдерістер барынша автоматтандырылған, — деп хабарлады министрліктен. 

«Карусель», «Ёлочка» және «Параллель» типіндегі жоғары технологиялық сауу залдары қолданылады, сондай-ақ Dairy Plan, Heatem Pro секілді табынды басқару бағдарламалары енгізілген. Бұл жоғары өнімділік пен өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ұлттық кітап күні Астанада еліміздің үздік кітапханашылары марапатталды
Фото: АШМ

Сала көшбасшыларының қатарында «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігі бар. Мұнда жалпы саны 16,3 мың бастан асатын, оның ішінде 5,9 мың сауын сиыры бар жеті сүт кешені жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 53,8 мың тонна сүт өндірді, бір сиырдан орташа сауым 9,5 мың кг-ды құрады. Қазіргі уақытта мұнда 3600 сауын сиырға арналған, жалпы мал басы 8 мыңға дейін жететін мега-ферма құрылысы жүргізілуде. Фермада сағатына 490 сиырға дейін қызмет көрсететін, 90 орындық «Карусель» сауу қондырғысы орнатылады. Кешеннің жобалық қуаты жылына 38 мың тонна сүтті құрайды.

Сондай-ақ «СК Агро 2050» серіктестігінің инвестициялық жобасын жүзеге асыру саланың дамуына тығ серпін беруде дамытуға қосымша серпін беруде. Кешен 3600 сауын сиырға және жалпы 10 мың басқа дейін есептелген, жылдық қуаты 30 мың тонна сүт. Мұнда бір сағатта 545 сиырға дейін қызмет көрсете алатын, 100 орындық ең ірі сауу залдарының бірі іске қосылмақ.

Саланы кешенді дамыту — табынның генетикасын жақсартудан бастап цифрлық технологияларды енгізу мен заманауи фермалар салуға, аймақта өндіріс көлемін арттырумен қатар, жоғары тиімді әрі тұрақты сүт кластерін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өңірдің Қазақстандағы сүт индустриясындағы көшбасшы мәртебесін одан әрі бекемдей түседі.

Айта кет ейік, СҚО-да майлы дақылдар алқабы 1 млн га жетті.

Соңғы жаңалықтар