Солтүстік Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа өкілі тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығымен Наталья Қожабекова Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі болып тағайындалды.
СҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Наталья Сұңғатқызы 1970 жылы туған. Ақтөбе облысының тумасы. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бастаған. Әр жылдары инспектор, аға инспектор, заңгер-кеңесші лауазымдарында қызмет атқарған.
Осы тағайындауға дейін Наталья Сұңғатқызы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі қызметін атқарды.
Осыдан бұрын Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалғанын жаздық.