Солтүстік Қазақстанда жолдың бір бөлігі 22 тамызға дейін жабылды
АСТАНА.KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Петропавл қаласының айналма жолының» 28–30 шақырымында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жол 22 тамыз сағат 21:00-де ашылады деп жоспарланған. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті.
2026 жылғы 15 тамыз сағат 12:00-ден бастап орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты «Петропавл қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 28–30 шақырым аралығында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы Заречный ауылы арқылы ұйымдастырылады. Жолды 2026 жылғы 22 тамыз сағат 21:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.