Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарын тағы да сынады

зымыран
Фото: KCNA/AFP

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Корея Жапон теңізіне 10-ға жуық қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлады Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі.  

Зымырандар таңғы сағат 6:14–те Пхеньяндағы Сунан ауданынан атылғаны және Жапон теңізіне құлағанға дейін шамамен 350 шақырым ұшып өткені көрсетілген. 

«Солтүстік Корея зымыран ұшыруды сыртқы әлемге хабар ретінде пайдаланғанымен, бір уақытта 10-ға жуық зымыран ұшыру оған тән емес», — деп атап өтті тілшілер.
Оңтүстік Кореяның әскери басшылығы ел астанасы Сеул мен негізгі әуе базалары зымыран ұшыру аймағына кірген Корей түбегіне қауіп төндіретін «арандатушылық актісі» деп айыптап, оған қатаң жауап беруге уәде берді», — деп жазады Yonhap.

Пхеньян ұшырған зымырандардың баллистикалық болуы мүмкін деген ақпаратты Жапон үкіметі де растады.

Премьер-министр Фумио Кисиданың мәлімдеуінше, зымырандар Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған және олардан ешқандай залал болған жоқ.

Моделіне байланысты баллистикалық зымырандар ядролық оқтұмсықпен жабдықталуы мүмкін.

Солтүстік Кореяның мұндай зымырандарды сынауы БҰҰ-ның Пхеньянға салған тиісті тыйымына қайшы келеді.

Пхеньян бұған дейін баллистикалық зымырандар сынағын 17 мамырда өткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram