Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс шарларын ұшырды

корея
Фото: Инчхонның өрт сөндіру қызметі

ПХЕНЬЯН . KAZINFORM – КХДР Оңтүстік Кореяға қоқыс салынған шарларды тағы ұшырды, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Оңтүстік Корея әскерилері азаматтардан нысандарға жақындамауды және олардың табылғаны туралы билікке жеткізуді сұрады.

Желдің бағыты өзгермесе, шарлар осы демалыс күндері діттеген жеріне жетуі мүмкін екені нақтыланды.

Бұған дейін КХДР Оңтүстік Кореяға қарай қоқыс салынған жүздеген шарлар ұшырғаны хабарланған болатын.

Ақпаратты Yonhap серіктес агенттігі Кazinform-ға арнайы берді.

Соңғы жаңалықтар
telegram