00:54, 07 Қаңтар 2024 | GMT +5
Солтүстік Корея Сары теңізге қарай 60 снаряд атты
Жағалау артиллериясы жергілікті уақыт бойынша 16:00-17:00 (Мәскеу уақыты бойынша 10:00 - 11:00) арасында оқ жаудырды, снарядтар Сеул іс жүзінде теңіз шекарасы деп санайтын солтүстік демаркациялық сызығының солтүстігіне, буферлік аймаққа құлады.
Сеул кейбір ережелерді орындауды тоқтатқаннан кейін Пхеньян да оны орындаудан бас тартқан.
Бұл жолы оңтүстіккореялық тарап мұндай жаттығулар өткізуді жоспарлап отырған жоқ.
5 қаңтарда оқу-жаттығулар аясында Солтүстік Кореяның жағалау артиллериясы Оңтүстік Кореяның Сары теңізде орналасқан Ёнпхёндо және Пангёндо аралдарына қарай 200-ге жуық снаряд атқылады. Бұған жауап ретінде оңтүстік кореялық әскерилер 400 снаряд атқылап, өз маневрлерін жасады.