Солтүстік Корея су астынан ұшырылатын екі жаңа зымыранын сынақтан өткізді
АСТАНА. KAZINFORM — КХДР зымыран жасау бас басқармасы су астынан ұшырылатын стратегиялық қанатты зымырандардың екі түрін сынақтан өткізді, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған Kazinform.
Кореяның Орталық телеграф агенттігінің (КОТА) хабарлауынша, зымырандар 14 қазанда Жапон теңізінің акваториясында ұшырылған. Агенттіктің мәліметінше, сынақтың негізгі мақсаты — суасты әскери жүйелерінің дайындығын тексеру және әскери-теңіз күштерінің стратегиялық міндеттерді орындау қабілетін жетілдіру.
Кореяның Орталық телеграф агенттігі сынақтар Солтүстік Кореяның қорғаныс жүйесінің сенімділігі мен мүмкіндіктерін көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ зымыран ұшыру көрші елдердің қауіпсіздігіне қатер төндірмегені айтылды.
Сынақты Корея Еңбек партиясы Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары Ким Чон Сик, Бас зымыран жасау басқармасының басшысы Чан Чхан Ха және КХДР Әскери-теңіз күштерінің суасты қару-жарағы жүйелері бойынша мамандары бақылаған.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Қарулы күштері Солтүстік Кореяның Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырғанын тіркеген.