Солтүстік Кореяда алғаш рет өмірге келген бесемдер перзентханадан шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Кореяда алғаш рет тіркелген бесемдер ауруханадан шамамен бес айлық бақылаудан кейін шығарылды, деп жазды Анадолы агенттігі.

нәресте
Фото: Pexels

Оңтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі (KCNA) хабарлағандай, Пхеньян қаласының тұрғыны Пак Кён Сим бірден бірнеше баланы күтіп жүргенін білген соң босану үйіне жіберілген.

Пак ерекше медициналық көмек алған және 31 қаңтарда бес баланы дүниеге әкелген — екі ұл және үш қыз. Бұл ел тарихындағы алғаш рет ресми тіркелген бесемдер туылуы.

Хабарламада бес ай бойы бақылауда болған нәрестелердің сәтті шығарылып, үйлеріне жіберілгені айтылған.

Еске сала кетейік, Алматыда көпбалалы отбасында екі егізден кейін үшем дүниеге келгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар