Солтүстік пен шығыста халық қартайып барады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда қартаю индексі бір жылда 1,3 пайыздық тармаққа өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро. 

Актау виды города Ақтау қала көріністері
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

2023 жылы Қазақстанда қартаю индексі 29,5-ке жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,3 пайыздық тармаққа жоғары (2022 жылы 28,2).

Бұл дегеніміз — 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 29,5 азамат келеді.

Бес жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда (2019 жылы 26,5) қартаю индексі айтарлықтай өскенін көруге болады.

Өңірлер бойынша бөліністе айтарлықтай айырмашылық бар: қартаюдың ең жоғары индексі Солтүстік Қазақстан облысында — 72,9, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы 71,8 және Қостанай облысы — 62,1 тұр. 

Қартаю индексі ең төмен өңірлер арасында Маңғыстау облысы көш бастап тұр, онда 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 азамат келеді.

Төмен көрсеткіштер Түркістан облысында (14,9) және Шымкент қаласында (15,3) тіркелді.

Айта кетейік, қалалық жерлерде қартаю индексі жоғары — 32, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш төмен — 25,8. 

Соңғы жаңалықтар