21:48, 26 Шілде 2024 | GMT +5
Солтүстікте алдағы үш күн жаңбырлы болады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 27-29 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады.
Соның әсерінен өткінші жаңбыр жауады.
27 шілдеде — Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 28 шілдеде — Абай, 29 шілдеде — Шығыс Қазақстан облыстарында кей уақытта қатты жауын-шашын жауады.
Қазақстан бойынша найзағай жарқылдайды.
Дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ болжанып отыр.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Қалған облыстарда күрт өзгерістер болмайды.