18:25, 03 Тамыз 2020 | GMT +6
Сомали астанасында қуатты жарылыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Сомали астанасы Могадишода қуатты жарылыс болды. Бұл туралы сомалилік Garowе ақпарат агенттігі хабарлады.
Оның мәліметінше, террорист-жанкешті қала көшелерінің бірінде, мейрамхана жанында жарылғыш құрылғыны іске қосқан.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар болуы мүмкін, деп атап өтті портал.