Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сомали астанасында полиция штаб-пәтеріне шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомали астанасы Могадишода қала орталығында полицияның штаб пәтеріне шабуыл жасалды. Шабуылды «Аш-Шабаб» лаңкестер тобы мойнына алды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Сомали  астанасында полиция штаб-пәтеріне шабуыл жасалды

Полицияның айтуынша, кемінде жеті адам қаза тапты. Содырлар өлтірілді.

Рейтер агенттігіне берген сұхбатында  полиция өкілі Али Мохамед  қаза тапқандардың арасында бейбіт тұрғындардың да болғанын растады.
Бірнеше күн бұрын   БҰҰ мен Америка одақтастары штаб пәтеріне жақын жерде Могадишо әуежайы маңында екі бомба жарылып, салдарынан  13 адам көз жұмған болатын.