Сомали астанасының театрында жарылыс болды, жарақат алғандар көп

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Сомали астанасы Могадишо қаласында қайта ашылған Ұлттық театрда күшті жарылыс болды, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

Шабуыл Сомали телеарнасының бір жылдығына арналған салтанатты шара барысында жасалды.

Кем дегенде 7 адам қаза болды, сонымен қатар жарақат алғандар көп, олардың арасында парламент депутаттары бар.

Шараға Сомали премьер-министрі Абдивели Мохаммед Али қатысқан болатын. Министрдің Би-Би-Си-ге хабарлағанындай, бомба оның сөз сөйлеу кезінде жарылған.

Премьердің сөзіне қарағанда, жарылысты жанкешті-әйел жасады. Оның пікірінше, бұның артында исламдық «Аль-Шабааб» ұйымы тұр.

Соңғы жаңалықтар