Сомали билігі «Аш-Шабаб» содырларына құнқұйлы атау керектігін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомали билігі ақпарат құралдарын «Аш-Шабаб» содырларын «Сомали халқын жоятын топ» деп атауға шақырды.
Ұлттық барлау қызметінің басшысы Абдірахман Мұхаммад Тирьяре «жастық» дегенді білдіретін «Аш-Шабаб» сөзі содырларға қатысты болмауы керектігін айтты.
Оның сөзіне қарағанда, талай жанды қырып жатқан топты «өз атымен» атау керек. Олардың ұсынысы бойынша, енді содырларды «Сомали халқын жоятын топ» деп атау керек.