12:35, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Сомали қарақшылары басып алған танкерді ақша алмастан босатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде Сомали жағалауында мұнай құятын кемені басып алған қарулы топ кемені кепіл алмастан жіберді және шри-ланкилік 8 теңізшіні босатты, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Теңізшілерді босатқаны туралы Сомали жағалау күзетінің катері қарақшыларға азық-түлік әкеле жатқан қайықты басып алғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін жариялады.
«Жанжалдан кейін келіссөз басталды... біз күшімізді алып кеттік, олар да кетті», - деді Пунтленд провинциясы жағалау күзетінің басшысы Әбдірахман Хассан.
Рейтер агенттігі тілші кепілдерді өтеусіз босатқанын растаған қарақшылардың бірімен байланысқанын хабарлады.
Джибутиден Могадишоға жанар май апара жатқан кемені 20 қарақшы дүйсенбіде басып алған. Бұл соңғы бес жылдағы сомалилік қарақшылардың кемені алғаш кепілге алуы.