Сомали қарақшылары грек кемесін басып алды

МӘСКЕУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – Сомали жағалауында тағы бір сауда кемесі қарақшылардың қолына түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Бұл жолы қарақшылар Мальта жалауы астында Словенияға көмір тиеп бара жатқан гректің Saldanha кемесін олжалады. Грекияның сауда флоты министрлігі бұл оқиғаның растығын қуаттады. Кеменің бортында 22 экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта оны қайтарып алудың амалдары қолға алынуда.
Соңғы жаңалықтар