Сомалиде 3 бірдей жарылыс болып, бірнеше адам ажал құшты
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Сомалидің астанасы Могадишо қаласында бірнеше террорлық әрекеттер орын алды.
Шетелдіктер арасында танымал болған Jazeera қонақүйінің кіреберісінде тұрған екі көлік жарылып, салдарынан кем дегенде 10 адам қаза болды.
Одан кейін қонақүйдің өзінде тағы бір жарылыс болып, сол жердің жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды Associated Press.
Аталған қонақүй халықаралық әуежайдың маңында орналасқан. Сәні мен салтанаты жарасқан бұл қонақүй жергілікті саясаткерлер мен жоғары лауазымды шенеуніктердің сүйікті мекеніне айналған еді.
Әзірше бұл жарылыстарды ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Полицияның болжауынша, бұл «Әл Қаидамен» байланысы бар "Аш-Шабаб" тобының ісі.