Сомалиде бітімгерлерге жасалған шабуыл салдарынан 12 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомалиде (AMISOM) африкалық бітімгерлердің автоколоннасына шабуыл жасалып, 12 адам қаза тауып, 27-сі жарақат алды.
Reuters агенттігі хабарлағандай, оқиға ел астанасы Могадишо қаласының оңтүстік-батысында орын алған. Миналанған көлікті басқарған лаңкес жасаққа шабуыл жасаған.
Қазіргі таңда Сомалиде 3,5 мың африкалық одақтың бітімгері бар. Олар - негізінен Уганда мен Бурунди тұрғындары.