Сомалиде екі тәулікте аштықтан 100-ден астам адам қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомалиде қуаңшылықтың салдарынан болған аштықтан соңғы екі күнде кемінде 110 адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің Премьер-Министрі Хасан Али Хайре жария етті деп жазады Associated Press.
Билік өкілдері қайтыс болған азаматтар туралы мәліметтерді 28 ақпаннан бері Сомалиде төтенше жағдай жарияланған соң жария ете бастаған. Премьер-Министр елдің оңтүстік батысындағы Бай өңіріндегі жағдай бойынша ғана мәліметтерді жария етті.
БҰҰ-ның бағалаулары бойынша, Африка аймағында өңірді жайлаған аштықтан 5 миллионнан астам адам көмекті қажет етіп отыр.
Айта кетейік, Сомалиде 2011-2012 жылдары болған аштық кезінде елдің 250 мыңнан астам тұрғыны құрбан болды.