Сомалиде қонақүйге шабуыл салдарынан кемінде 12 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні лаңкестердің Сомали астанасы Могадишо қаласындағы Sahafi қонақүйіне жасалған шабуылы салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапқан. Бұл туралы France Presse агенттігінен хабарлайды.

Сомалиде қонақүйге шабуыл салдарынан кемінде 12 адам көз жұмды

Бұған дейін жексенбіде БАҚ қонақүй ғимаратының қасында бірінен соң бірі жарылған екі миналанған көлік туралы хабарланған еді. Қаскүнемдер одан кейін ғимаратқа кіріп, полициямен атыс-шабысқа түсіп, кейіннен шатырдан оқ ата бастады.

Бұл қонақүйге мемлекеттік шенеуніктердің жиі тоқтайтыны атап өтілуде.

Лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті өз мойнына "Аш-шабаб" радикалды исламдық тобы алып отыр.

Фото EPA