Сомалиде лаңкестік шабуылдан 20-дан астам адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сомали астанасы Могадишодағы лаңкестік әрекеттен 20-дан астам адам қаза тапты. Қарулы исламшылар «Хайт» қонақүйін басып алып, төрт қабатты ғимаратты бір тәулікке жуық уақыт ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Қаза тапқандар арасында әскерилер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қонақүйдің иесі бар.

Шабуыл үшін жауапкершілікті «Аш-Шабааб» ұйымы өз мойнына алды.

Лаңкестер қонақүйге жұма күні күн батқан соң шабуыл жасаған. Бірқатар жарылыс болғаны хабарланды.

Топ өкілдері исламшылдардың көптеген қауіпсіздік қызметкерлерін өлтіргенін және ғимараттың өзінде адамдарға оқ жаудырғанын мәлімдеді.

Қонақүй айналасы қоршауға алынды. Таңертең әскерилер ғимаратты атқылап, шабуылға дайындала бастады.

Ұрыс 18 сағаттан астам уақытқа созылды. Қауіпсіздік қызметкерлері үйдегі бейбіт тұрғындардың көпшілігін, соның ішінде балаларды құтқара алған.

«Франс-Пресс» агенттігі хабарлағандай, бұл осы жылдың мамыр айында ел президенті Хасан Шейх Махмудтың қайта сайлануынан кейінгі ең ауқымды шабуыл болды.


Соңғы жаңалықтар