Сомалиде Президент сарайына шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомали астанасы Могадишо қаласында содырлар президенттік сарайға шабуыл жасады.

Сомалиде Президент сарайына шабуыл жасалды

Белгілі болғандай, бастапқыда ғимарат қақпасының алдында автокөлік жарылған, содан кейін қаруланған топ сарайға басып кіру әрекетін жасады. Оқиға орнында жойқын екі жарылыс болған көрінеді. Бұл шабуылға «әл-Шабаб» тобы қатысты екен.

БҰҰ-ның Сомали бойынша арнайы өкілі Ник Кейдің сөзіне қарағанда, аталған шабуылға полиция тойтарыс беріп, Сомали Президенті зардап шекпеген.