Сомалиде содырлар стратегиялық маңызды аралды басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомалидің оңтүстігінде ислам атын жамылған «Аш-Шабаб» қозғалысы стратегиялық маңызы бар аралды жаулап алды, деп хабарлады ВВС.
Кудха аралын басып алу әрекеті кезінде содырлар жазықсыз бейбіт адамдарды өлтірді, деп айыптады Джуба ауданының әкімшілігі. Билік өкілдерінің айтуынша, аралға үстемдік жүргізу үшін жасаған шбауылда 70 содыр өлген.
Ал, «Аш-Шабаб» өкілдері 70 жергілікті адам мерт болды деп мәлімдеді.