10:54, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Сомалилік теңіз қарақшылары қытайлық кемені босатты
БЕЙЖІҢ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Сыртқы істер министрлігі сомалийлік теңіз қарақшыларының ақпанның 8-і күні кешке қытайлық «Тяньюй-8» балық аулау кемесін босатқаны туралы деректі қуаттады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бортында 24 теңізші болған кемені өткен жылы қарашаның 14-інде теңіз қарақшылары Сомалий суларында басып алған болатын. Тяньцзин балық аулау компаниясына тиесілі «Тяньюй-8» кемесі қазір Қытай Әскери-теңіз күштері кемелерінің күзетіне алынды. Кеменің босатылуының мән-жайы туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ, бірақ кейбір деректерге қарағанда, 3 айлық келіссөздің қорытындысы бойынша теңіз қарақшыларына кеме үшін құн төленген.