10:00, 31 Қазан 2009 | GMT +5
Сомалийлық адам өзінен 95 жас кіші әйелге үйленді
АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат - Сомалийлық ұзақ өмір сүрген адам 17 жасар қызға үйленді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.
Өзінің айтуынша, 112 жастағы Мухамед Ахмед Доре 17 жасар ауылдасы София Абдуллехқа үйленді. Доре қыз оған жүрек қалауымен шықты деп айтады. Қыздың басын айналдыруға оның бай өмірлік тәжірибесінің септігі тиген. Кәрі күйеудің қайын жұрты қыздың өз таңдауы үшін бақытты екенін растады.
Доренің бұған дейін де бес әйелі болған - кіндігінен 18 ұрпақ тараған.