«Сонар-2009» шарасында фототілші бүркіттің шабуылға ұшырады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Талғар ауданында «Сонар-2009» республикалық бүркітшілер жарысы кезінде республикалық газеттің фототілшісі бүркіттің шабуылына ұшырады.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасынан хабарлады. Көргендердің айтуынша, оқиға бүркітке қоян алдыру кезінде болған. Биікке көтерілген бүркіт кенеттен ұшу бағытын өзгертіп, алаңда тұрған фототілшілерге қарай шүйілген. Олардың бірі жалтарып үлгергенімен, бүркіт екіншісінің арқасына тырнағын қадаған. Фототілші зардап шекпеген, тек үстіндегі күртешесі жыртылған. Сонар жарысына Қазақстанның 5 облысынан 39 бүркіт және 9 сұңқармен 48 бүркітші қатысты. Бүркітшілер арасында бірінші орынды ? ақмолалық Қанат Шүленбаев, екінші орынды - Алматы облысының өкілі Аян Сейтжанов иеленсе, үшінші орынды - алматылық Қуаныш Исабек пен қарағандылық Әліп Төребековтер бөлісті. Ал сұңқар салушылар арасында бірінші орын - Алматы облысының өкілі Мейрамбек Зейнеловке бұйырса, екінші және үшінші орындарды - сәйкесінше, жамбылдық Бауыржан Ешметов пен Бауыржан Тұрниязовтар иеленді.
Соңғы жаңалықтар