Сондерс Головкинді тығырыққа тіреуден дәмелі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің келесі қарсыластарының бірі болуы ықтимал орта салмақтағы WBO титулының иегері британдық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) GGG пен Дэниел Джейкобстың өткендегі жекпе-жегіне орай қорытынды жасағысы да келмейді.

Сондерс Головкинді тығырыққа тіреуден дәмелі

Сондерс әр боксшының сәтсіз кеші болатындығына сенімді. Ол өзінің өткен жылдың желтоқсанында болған Артур Акавовпен айқасынан мысал келтіреді.

«Мен әлем чемпионы болғалы бері, ерте ме, кеш пе әйтеуір бір  қауіппен - Головкинмен  бетпе бет келетіндігімді әрқашанда сезіп жүрдім.
Рингте қалай және не істеу керектігін ойланбаған күнім болған жоқ. Айттым және айта беремін, оны жеңуге болады»,-деп мәлім етті Сондерс IFL TV сұхбатында.