Сондерс Головкинді ұлы боксшыға теңеді

АСТАНА. ҚазАқпрат - Британдық боксшы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) Fighthype.com-ға қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) мақтап сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Сондерс Головкинді ұлы боксшыға теңеді

«Головкин - өте жақсы жігіт, ол бокс үшін жақсы жұмыстар жасап жүр.  Ол шынымен де ұлы боксшы», - деді Сондерс.

Еске сала кетейік, Билли Джо WBO белбеуіне ие. Ал бұл белбеу Головкиннің орта салмақтағы  барлық титулдарын қосу үшін жетпей тұр.