Сондерс Головкинмен кездесуге дайын екенін жария ететін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін мәлім болғанындай, британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) Нью-Йоркте өтетін кездесуіне барады, деп жазады Sports.kz.
None
None

Madison Square Garden аренасында Сондерс өзінің қолғап түйістіретін келесі қарсыласы кім болатынын жария етеді. Ол енді Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін.

«Сондерстің промоутері Уоррен өздерінің MSG-де болатынын және өздерінің келесі қарсыластары туралы жария ететінін айтты. Енді Головкинге тек Джейкобсты жеңу ғана қалды»,-деп жазды твиттердегі парақшасында Boxing News Ли тілшісі Ли Гормли.

Осыған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері орта салмақтағы атақтардың басын біріктіру үшін Головкинге WBO белбеуі жетіспей тұрғандығын жазған. Ал бұл белбеуді иегері Сондерспен кездесу 10 маусым күні EXPO халықаралық көрмесінің аясында Астанада өтуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар