Сондерс Головкинмен жұдырықтасу үшін Қазақстанға баруға дайын - Уоррен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Келесі аптада Билли Джо Сондерс пен Геннадий Головкиннің арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы жаңа ақпараттар естіп қалуымыз мүмкін. Сондерс Головкинмен жұдырықтасу үшін Қазақстанға баруға әзір. Біз тек оның командасының шешімін күтіп отырмыз", - дейді Уоррен.