Сондерс қарсыласын жеңді, енді британдық Головкинмен айқасты күтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның Copper Box Arena спорт нысанында британдық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) пен америкалық кіші Вилли Монро (21-2, 6 КО) арасындағы жекпе-жек өтті.
None
None

Айқас төрешілердің бірауызды шешімімен Сондерстің  жеңісімен аяқталды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Осылайша, британдық боксшы профи-рингтегі 25-інші жеңісіне қол жеткізді, ал Монро үшін бұл - үшінші жеңілісі.

Жекпе-жегінен кейін Сондерс: «Ендігіде, GGG - «Канело» айқасының жеңімпазымен кездескім келеді», - деп мәлім етті. 

Еске салайық, бүгін Лас-Вегас қаласында Головкин-Альварес жекпе-жегі өтеді. Билли Джо Сондерс жеңімпаз боксшымен биыл немесе келер жылдың басында кездесуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар