Сондерс Қазақстанға келгені үшін 4 млн доллар алуға үміттенген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық боксшы Риота Мураның (12-0, 9 КО) промоутері Боб Арум Boxingscene.com сайтына британдық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) болуы ықтимал жекпе-жектің кейбір қаржылық тұстарын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz .

Сондерс Қазақстанға келгені үшін 4 млн доллар алуға үміттенген

Арумның атап өтуінше, олар Сондерске ұсыныс жасаған, бірақ Билли Джо қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) кездесуден анағұрлым тиімді шарттар болатынына үміттеніп, оған жауап қатпаған.

«Біз оған (Сондерске) Жапонияға келгені үшін 2 млн доллар ұсындық. Бірақ ол ұсынысымыздан бас тартып, Қазақстанға сапарынан 4 млн аламын деп ойлады», - деді Арум.

Еске салайық, Головкин-Сондерс айқасы Астанада маусым айында өтуі мүмкін еді. Бірақ қазақстандық боксшының жарақатына байланысты оның командасы аталмыш кездесуден бас тартып, ағымдағы жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке жіті дайындалуды жөн көрді.