Сондерс реванш кезінде Головкинге сақ болуды ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) қазақстандық  Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) алдағы реваншына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Сондерс реванш кезінде Головкинге сақ болуды ескертті

«Жеке менің пікірім, «Канело» Головкинмен реванш алдында өзінің боксын жақсартады деп ойламаймын. Төрешілердің хаттарына келер болсақ... Түсінесіздер ма, «Канело» кезінде Майвезерді «тонамақ» болған - жалғыз адам. Сондықтан, Головкинді не күтіп тұрғанын білмеймін», - деді Сондерс Fighthype.com-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин-Альварес реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырында өтеді. 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегас қаласында өткен алғашқы кездесулері тең аяқталды. Сондерстің Fighthype.com-ға сұхбатында атап өткен «Канелоның» кіші-Флойд Майвезермен (50-0, 27 КО) жекпе-жегі 2013 жылы болды. Айқас Сондерстің пайдасына төрешілердің басым дауысымен аяқталған еді. Екі карточкадағы ұпай сандары 116-112, 117-117 болды. Алайда, үшінші төреші жекпе-жекке аяқ асты 114-114 бағасын берді.