Сондерс: Жоспарым - Головкинмен немесе «Канеломен» кездесу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) канадалық Давид Лемьемен (38-3, 33 КО) айқаста жеңіске жетуге ниетті және оның Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) немесе Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегі өтпейтін болса - қосалқы нұсқаларды қарастырғысы келмейді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Сондерс: Жоспарым - Головкинмен немесе «Канеломен» кездесу

«Тыңдаңыздар, қазір мен толығымен Давид Лемьемен айқасқа дайындалып жатырмын. Менің «Б» немесе «С» жоспарым жоқ... Менің жоспарым - осы айқастан өтіп, Головкинмен немесе «Канеломен» кездесу», - деді Сондерс Box Nation-ге берген сұхбатында.

Сондерс-Лемье айқасы 17 желтоқсан күні Канаданың Лавала қаласында өтеді. Сондерс WBO  тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белдігі үшін таласады. Бұл, дивизиондағы абсолютті чепион атану үшін Головкинге жетіспейтін жалғыз белдік.