Сондерстің жаңа жылдағы арманы - Головкинмен жұдырықтасу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) 2018 жылға қандай тілек тілейтінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол армандайтын жекпе-жектері тізімінің басына қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен өзінің кездесуін қойды. Сондай-ақ Тайсон Фьюри (25-0, 18 КО) - Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) және Джеймс Дигейл (23-2-1, 14 КО) - Джордж Гроувз (27-3, 20 КО) жекпе-жектерін көргісі келеді.
Айта кетелік, Сондерс - орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Орта салмақ дивизионының абсолюттік чемпионы болу үшін Головкинге жетпей тұрған да - осы WBO белдігі.