Бес жылда мемлекеттік тапсырыс аясында 4,5 млн кітап шықты

Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

кітап
Фото: Pexels

Олардың штатында 25 мыңнан астам адам бар, кітап қоры 328 миллион данадан асты.

«Кітап қорын жаңарту бойынша да бірқатар шаралар қабылдануда. Соңғы 5 жылда, мемлекеттік тапсырыс аясында, 4,5 миллион кітап шығарылды.

Шетелдік бестселлерлерді қазақ тіліне аудару — маңызды аспект болып табылады. Оқырмандардың сұранысына сай кітаптар шығару үшін арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізу жоспарлануда», — деп жазды ведомстводан.

2023 жылы отандық авторлардың 24 кітабы таныстырылды.