Соңғы 7 жылда алғаш рет жаңа баспана бағасы арзандады - статистика

тұрғын үй
Фото: Kazinform

Қазақстанда жаңа тұрғын үй айтарлықтай арзандады, деп хабарлайды Kazinform Бірінші кредит бюросына сілтеме жасап.

Қарашада жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 491 мың 985 теңге болды.

Бұл қазанмен салыстырғанда 0,7%-ға төмен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспана бағасының арзандауы соңғы 7 жылда болмаған.

«Арзандау әсіресе Алматы, (1,6%), Ақтөбе, (2,8%) және Шымкент (3,4%) қаласында байқалады. Тұрғын үйді жалға алу қымбаттады. Жалпы ел бойынша көрсеткіш 4828 теңгеге жетті. Бұл осыдан бір ай бұрынғымен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары. Пәтер жалдауда ең қымбаты Алматыда, шаршы метрі — 5470 теңге», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар