Соңғы аптада көкөніс арзандап, нан бағасы өзгеріссіз қалды

Продукты питания рынок фрукты овощи Азық-түлік нарық жемістер көкөністер
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 0,1% төмендеді. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. 

Бір аптаның ішінде көкөністер бағасы айтарлықтай төмендесе, нан мен ұн бағасы өзгеріссіз қалған. 

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кей тауарлардың орташа бағасы: 

Рожки — 318 тг/кг 
Сүт 2,5% — 398 тг/л
Қырыққабат — 127 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Баға өзгерісі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. 

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram