Соңғы 1,5 ай ішінде шетелде 5 қазақстандық қаза тапты - ҚР СІМ
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы 1,5 ай ішінде шетелде 5 қазақстандық қаза тапты. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.
Елімізде, сонымен қатар шетелде қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өткен ол: «Бұдан бөлек, саяхат жасаған елдің қағидаларына ерекше назар аудару қажет. Шетелде болғанда, кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да азаматтары, саяхат жасаған елдің заңдарымен жүруі керек», - деді.