Соңғы 10 жыл ішінде елімізде 32 мың 450 бала асырап алынды - Ж. Түймебаев

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және ратификациялауы туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы 10 жыл ішінде елімізде 32 мың 450 бала асырап алынды. Оның ішінде өзіміздің қазақстандық азаматтар 28 мыңнан астам баланы асырап алды. Бұл көрсеткіш соңғы он жылда асырап алынған барлық баланың 77 пайызын құрайды. Сонымен бірге, баланың шетелдік туысқандары 500-ге жуық сәбиді немесе барлық асырап алынған баланың 1,2 пайызын бауырына басса, шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық 8 мыңнан астам бала асырап алынған. Бұл барлық асырап алынған баланың 21,8 пайызын құрайды», деді министр. Бұл 1999 жылдан бері қарайғы көрсеткіштер болып отыр. Ал одан бұрынғы кезеңдер бойынша ресми есептер жүргізілмеген.