Соңғы 10 жылда елімізде сайлаушылар саны 565 789 адамға ұлғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жылда елімізде сайлаушылар саны 565 789 адамға ұлғайды. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметіне хабарлады.

Соңғы 10 жылда елімізде сайлаушылар саны 565 789 адамға ұлғайды

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Қазақстанда Президент сайлауына қатысушылар саны 1999 жылдан бері бірте-бірте ұлғайып келе жатқаны байқалады. Сол жылы елімізде 8 419 283 сайлаушы тіркелген. Ал 2005 жылы еліміздегі сайлаушылар саны 8 949 199 адамды құрады. 2011 жылы елімізде 9 200 298 сайлаушы болса, бүгінгі күні олардың саны 9 514 988 адамға жетіп отыр. Осылайша, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстандағы дауыс берушілер саны 565 789 адамға көбейді. Айта кетерлігі, 1991 жылғы Президент сайлауында елімізде 9 961 242 сайлаушы болған еді.