Соңғы 10 жылдың ішінде мұнай бағалары үш еседен жоғары өскен - Ұ. Қарабалин
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеңіл өндірілетін мұнай кезеңі аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті.
«Қазақстанда жеңіл өндірілетін мұнай кезеңі аяқталуға жақын. Кен орындарын іздестіру мен игерудің бүгінгі үдерісі белгілі жағдайлардың күрделенуіне, барлық шығыс түрлерінің өсуіне байланысты болып отыр», - деді министр.
Оның атап өтуінше, жалпы алғанда әлемдік мұнай бағалары өсуге бейім. Соңғы 10 жылдың ішінде мұнай бағалары үш еседен жоғары өскен. Әлемдік рецсессия басталған 2008 жылдан бері екі есеге артқан.
«Бұл үдерістер мұнай өнімдері мен мұнай химиясының құнына әсерін тигізіп отыр», - деді Ұ. Қарабалин.