Соңғы 12 сағатта Түркия мен Қазақстан арасында 10 әуерейсі қатынап үлгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Алматының халықаралық әуежайларының әуетізімі бойынша, соңғы 12 сағатта Түркия мен Қазақстан арасында 10 әуерейсі ұшырылды.

Соңғы 12 сағатта Түркия мен Қазақстан арасында 10 әуерейсі қатынап үлгерді

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлағанындай, қазақстандық әуекомпаниялар өз жұмыстарын шататтық режимде жүргізуде. Түрік әуежеткізушілері бойынша ақпаратты алдын ала анықтап алған жөн, себебі рейстің кешіктірілуі мүмкін.

«Ұшырылды» деген статуспен бүгін, 17 шілдеде Алматыдан Стамбұлға 05.05, 06.15, 06.45 және 10.00, Анталияға - 09:40 уақытта тіркелді. Стамбұлдан Алматы әуежайына ұшақтар бүгін 04.45, 05.30, 05.50, 06.59, 09.34 уақытта келіп қонды. Бүгін Алматы әуежайынан Стамбұлға 17.55-де рейс орындалады деп күтілуде. Ертең Алматыдан Стамбұлға 06.45-те, Анталияға 04.00, 09.40-та әуерейістері ұшырылмақ.

Стамбұлдан Алматыға бағыт алатын рейстер бүгін, 17 шілдеде 12.10-де, 18 шілдеде - 05.25, 06.05 сағатта орын алмақ. Бүгін Анталиядан 21.45-те, 18 шілдеде - 03.05-те ұшақ жоспарланған.

Астана әуежайында бүгін 18.20-да Анталиядан ұшақ келуі тиіс. Ертең 1.50 сағатта тағы бір рейс қонады. Сонымен қатар, Астанадан Түркияға бүгін 19:40-та, ертең таңғы сағат 3.05-те екі рейс қатынайды деп жоспарланған.