Соңғы 2 жылда киіктер саны 51 мың басқа көбейді - ҚР АШМ
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жылда киіктер саны 51 мың басқа көбейді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылдың сәуірінде «Аңшылықзооөнеркәсіп» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны АН-2 ұшағын пайдаланып, Бетпақдала, Орал және Үстірт киіктеріне авиаесеп жүргізген. Санақ жұмысына ҚР БҒМ Зоология институтыны, «Жануарлар әлемін ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің, «Фауна» ЖШС-нің, «Қазақстанның биологиялық алуантүрлігігін сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлесітігінің, Орман және аң шаруашылығы комитетінің өңірлік бөлімшелерінің, «Аңшылықзооөнеркәсіп» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары қатысты.
Киіктерді авиаесепке алу ҚР БҒМ Зоология институты әзірлеген Қазақстанда киіктерді авиаесепке алу әдістемесіне сай жүргізілді.