Соңғы 20 жыл ішінде жер бетіндегі мұсылмандар саны екі есеге артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - CNN-нің хабарлауынша, қазіргі кезде Пю зерттеу орталығының мәлімметтеріне орай дүние жүзі тұрғындарының 2,2 млрд-тан көбін мұсылмандар құрайды, деп хабарлады www.muslim.kz.

Соңғы 20 жыл ішінде жер бетіндегі мұсылмандар саны екі есеге артты

АҚШ-тағы мұсылман қауымы 1990 жылдан бері екі есеге артып, 6,2 млн-ға дейін жеткен. Ең көп мұсылмандар қазіргі уақытта Пәкістанда - 256 млн, Индонезияда тізімнен өткен Ислам дініндегі адамдар бұдан азырақ.

Зерттеу орталығының болжауынша, Ауғанстандағы мұсылман қауымы тез арада екі есе асып, 50 млн-ға жуық адамды құраған, ал, Израильде Палестин бөлігіндегі туу көрсеткішінің өсуі себепті қысқа мерзімде тұрғындардың төрттен бірі мұсылмандарды құраған. Швеция секілді Франция мен Бельгияда да ғалымдардың пікірінше жуырда әр 10-ыншы тұрғын мұсылмандар қатарынан болады. Америкалық зерттеушілердің дәйектеуінше, мұсылман жұртшылығының қарқынды өсуі олардың туу көрсеткішінің жоғарылауы есебінен болып отыр..