Соңғы 3 жылда Қазақстандағы инновациялық белсенділік екі есе артты

Инновациялық бизнес-жоспарларға арналған республикалық NIF$50K байқауы жыл сайын өткізіліп келе жатқандығын атап өткен ол: «Осы байқау үш бағытты көздейді. Біріншіден - инновациялық белсенділікті арттыру. Екіншіден - жалпы инновациялық жобаларға қолдау көрсету. Үшіншіден - бизнес жоспарлау бойынша инноваторларды оқыту», - деді.
Оның атап өтуінше, мемлекет осы уақытқа дейін 520 нақты жобаға қолдау көрсеткен. Яғни, NIF$50К байқауы еліміздің инновациялық дамуына қосымша серпін беріп отыр деген сөз.
«Бізде инновациялық салада зор жетістіктер бар. Шығарылатын инновациялық өнімдер көлемі артып келеді. Мұның барлығы біздің дұрыс бағытта жылжып келе жатқандығымызды білдіреді», - деді ол.
Бүгін елордадан өңірлерге «Инновациялық форсаж» белгісі бар автобус жолға шықты. Ең бірінші Қостанай қаласында баратын автобус одан кейін Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қалаларына атбасын тірейді. Автобус биыл екінші рет аймақтарға бет алып отыр. Былтыр инновациялық автобустың өңірлерді аралауы байқауға өтініш берушілер санын 1,5 есе арттырған болатын.